×

Желіде Хатайдағы жер қыртысының жарылған жерінен видео жарияланды

Тектоникалық жарылыстың тереңдігі 30 метр шамасында, ені – 200 метр

 Халық үні 20.02.2023 | 07:50
Фото: видеодан алынды

Желіде Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Хатайда жер қыртысы жарылысының биіктіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Видео Алтынезю қаласына жақын жерде түсірілген.  

Жер сілкінісі салдарынан зәйтүн тоғайы бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Тектоникалық жарылыстың тереңдігі 30 метр шамасында, ені – 200 метр. Жарылған жердің ұзындығы – 200 шақырым.

Соңғы мәліметке сүйенсек, жер сілкінісінен Сирияда 8,5 мың, ал Түркияда 40 642 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама