×

Қазақстандық боксшы никарагуалық «Бұқаны» нокаутпен жеңді

Дәулет Дәукенов кәсіби мансабында 11-рет жеңіске жетті, ал Серхио Гонсалес 33-рет жеңіліп қалды

 Халық үні 19.02.2023 | 21:36
Фото: видеодан алынды

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов Чехияның Пльзени қаласында өткен кәсіби бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.

Дәукенов «Бұқа» лақап атымен танымал никарагуалық боксшы Серхио Гонсалеспен жекпе-жекке шықты. Олардың жекпе-жегі бірінші жартылай орта салмақта өтті және алты раундқа созылды. Қазақстандық боксшы үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Дәулет Дәукенов кәсіби мансабында 11-рет жеңіске жетті, ал Серхио Гонсалес 33-рет жеңіліп қалды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама