×

Атырауда 100 келіге жуық бекіре балығын тасымалдаған тұрғын ұсталды

Әлем бойынша бекіренің басым бөлігі Каспий теңізін мекен етеді

 Айнұр Асылбекқызы 28.03.2022 | 19:07
фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Атырауда «Атырау-Астрахан» тас жолы бойында 43 жастағы ер адам 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балықтарын тасымалдау кезінде ұсталды. Бұл деректі Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тас жол бойында тексеру жүргізген кезде анықтаған.

Бекіре балықтары ер адамның Datsun маркалы автокөлігінің​ жүк салғышынан табылып, тәркіленді.  

Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-тармағы 5-тармақшасы бойынша («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама