×

Биыл Тараз қаласына 14 ауыл мен 2 саяжай қосылатын болды

14-шағын ауданға көпқабатты 64 үй салу жоспарланған

 Еркеғали Болатұлы 19.02.2023 | 13:30
фото: skyscrapercity.com

Егер Үкімет қаланың бас жоспарын бекітсе, облыс орталығының аумағы 30 мың гектарға дейін ұлғайып, 44 мыңнан асатын ауыл тұрғыны қала тұрғыны болады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Осылайша, облыс орталығына Байзақ және Жамбыл аудандары аумағының бір бөлігі қосылғалы тұр. Сөйтіп, Таразда жыл соңында 3 жаңа шағын аудан пайда болады. Әрқайсысына 70-ке жуық көпқабатты үй және басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланған.

14-шағын ауданға біз көпқабатты 64 үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл негізінен коммерциялық тұрғын үй болады. Үйлердің биіктігі 7-ден 12 қабатқа дейін барады. Сонымен қатар, біз «жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Денсаулық сақтау және сауда орталықтары, спорт орталықтары және спорт алаңдары сияқты коммерциялық нысандар да бой көтереді, - деді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Оның айтуынша, қазір алғашқы үйлердің құрылысы жоспарланып жатыр. Сол үшін әкімдік аукционға инвесторлар тартуға арналған құжаттар дайындауға кіріскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама