×

Ата-аналар жиналысына барған әке ұлын семсермен шауып өлтірді

Ер адам баласының мектепте нашар баға алғанына ашуланған

 Наима Нұрәлі 18.02.2023 | 11:26
Фото: SCMP composite/Handout

Қытайда жалғызбасты әке мектепте нашар оқығаны үшін 13 жастағы ұлын самурай қылышымен шауып өлтірді. Қытай жұртшылығы арасында үлкен резонанс тудырған оқиға Ян Цзюнмин есімді ер адамның ұлының мұғаліміне жолыққанынан кейін болған.

Мектепте баласының оқу үлгерімі нашар екенін естіген ол қатты ашуланып, үйіндегі 13 жастағы баласын «тым жалқаусың және білім алуға еш ұмтылмайсың» деп айыптаған. Содан кейін қолына жапонның самурай семсерін алып, соққы жасаған.

Сот-медициналық сараптама баланың денесінде қайтыс болғанға дейін бірнеше рет соққыға жығылғанын көрсететін басқа да жарақаттары болғанын анықтады. 

South China Morning Post басылымының жазуынша, жалғызбасты әке баласын абайсызда бауыздап өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама