×

Алматыда адвокат әйелдің өлімін тергеу аяқталды

Әйелдің бұрынғы жұбайы Н. прокуратураның келісімімен күдікті деп танылды

 Халық үні 17.02.2023 | 19:28
ашық дереккөзден

Алматыда адвокат әйелді өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі қарау үшін сотқа жіберген.

«Өткен жылдың 8 қазанында танымал заңгер А.К. Асанова өлтірілген болатын. Бұл факті Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Оның бұрынғы жұбайы Н. прокуратураның келісімімен күдікті деп танылды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, өткен жылы 8 қазан, сағат 23:00 шамасында 1980 жылы туған А. есімді заңгер әйел көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама