×

Елена Рыбакина бұралқы иттерге қайырымдылық көрсетті

Оған кеше волонтерлік қозғалыс өкілдері 10 тонна макарон сатып алған

 Еркеғали Болатұлы 17.02.2023 | 15:51
фото: Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина бұралқы иттерге арналған қамқорлық орталығына қаржы аударған.

Құрметті достар, бізге күтпеген жерден келген ерекше қуанышты жаңалықпен бөліспесек болмады. Елімізге ең танымал әрі талантты теннисші Елена Рыбакина бізге қиын сәтте қол ұшын созды. Кеше біз 10 тонна макарон сатып алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Еленаға шексіз алғыс айтамыз, - деп жазылған «СтопОтлов» волонтерлік қозғалысының Instagram-дағы парақшасында.

Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдіріп, өзін қаңғыбас иттер орталығына шақырды. Ал оның қайырымдылыққа қанша қаражат аударғаны нақтыланбаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама