×

Украина әскері түні бойы HIMARS-пен Енакиевоны атқылады

Ақпарат технологиялық орталығының ғимараттары айтарлықтай зардап шекті

 Дастан Жұмабекұлы 17.02.2023 | 12:03
фото: ашық дереккөз

Украина әскерлері HIMARS-пен түні бойы ресейлік оккупанттар орналасқан Енакиевоны оқтың астына алды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

«Украина 365» Telegram-арнасы жариялаған кадрлардан жау басып алған Енакиевода ресейлік әскерилер орналасқан ғимараттардың шатырлары мен ішкі бөліктеріне қаншалықты залал келтірілгенін көруге болады.

Әлеуметтік желіде Украина Қарулы күштерінің америкалық аса қуатты және дәл көздейтін HIMARS дүркін отты реактивті жүйесімен басқыншылар орналасқан тұрақтарға жасап жатқан түнгі шабуылын бейнелейтін видеолар тарап жатыр. Ресейдің әскери пропагандистері хабарлағандай, соққы өткен түнде болған.

Ақпарат технологиялық орталығының ғимараттары айтарлықтай зардап шекті. Ресей әскерилері Украинаға басып кіргелі бері ондағы оқу орындарының спорт залдары мен баспаналарын адам күшін орналастыратын мекен ретінде пайдаланып келеді.

Бұдан бұрын Украина Қарулы күштері бөлімшелерінің өткен тәулікте Макеевкада ресейлік оккупанттардың 600-ге жуық сарбазын жер жастандырғаны айтылған болатын. Бұл күні жалпы 690 басқыншы жер жастанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама