×

Владимир Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

Ол тәртіп сақшысының кеуде тұсын ауыр жарақаттаған

 Халық үні 16.02.2023 | 21:37
фото: 24smi

Мәскеуде Тверской аудандық соты Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эйдельштейнді 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды деп хабарлады РИА Новости. 

«Оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жөнінде жаза тағайындалды», – делінген Тверской аудандық сотының хабарламасында.

Ол Мәскеу мейрамханаларының бірінде демалып жатқан кезінде мас күйінде жанжал шығарған.

Кейін полиция бөлімшесінде ол тәртіп сақшысына шабуыл жасаған. Тәртіп сақшысының кеуде тұсын ауыр жарақаттаған

Эйдельштейнге қатысты ұсақ бұзақылық бойынша (РФ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.1-бабының 2-бөлігі) хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама