×

«2 мың АЕК-ке дейін айыппұл»: жерге қатысты заң талаптары күшейтіледі

Елді мекен аумағындағы жайылым жер ешкімнің меншігі болмауы керек

 Еркеғали Болатұлы 16.02.2023 | 11:25
фото: kstu.kz

Бұдан былай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін өзге елдің азаматтарына, қандастарға немесе шетелдікпен некелескен отандастарға берген мемлекеттік орган қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Оларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлады «Хабар» телеарнасы.

Ал жағдай қайталанса, әкімдік қызметкерлері одан 2 есе көп айыппұл төлейді. Бұдан бөлек, елді мекен аумағындағы жайылым жер ешкімнің меншігі болмауы керек. Егер әкімдік өкілі оны біреудің атына тіркеп берсе, тағы айыппұл арқалайды.

Заңға тиісті өзгерістерді биыл енгізу көзделіп отыр. Сенаттың салалық комитеті құжат жобасымен таныстырды. Ал жоғары палатаның жалпы отырысына наурыз айының басында шығарылады. Жалпы құжатта жерге қатысты тағы бір өзгеріс бар.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 339-бабына өзгеріс енгізілді. Жерді қазды, құнарлы қабатын сыдырып алды, бітті, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жерде шағын коммерциялық ұйымдарға 750 АЕК, орта кәсіпорындарға 1 мың АЕК, егер де ірі кәсіпорын субъектілері болса, оларға 2 мың АЕК айыппұл қарастырылған, - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама