×

Мәжіліс сайлауына тағы 7 шетелдік байқаушы тіркелді

Сайлау 19 наурызда өтеді

 Дәурен Ерболат 15.02.2023 | 15:42
Фото: gov.kz

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына тағы 7 шетелдік байқаушыны тіркеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы ресми тіркеуден өткен.

Бүгінде Сыртқы істер министрлігі 3 шет мемлекеттен 7 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Армениядан 2, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттелді. Олар – осы мемлекеттердің орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен өкілдері. Сондай-ақ Франциядан 3 кандидатура, оның ішінде құрметті елші мен дипломаттар тіркеуге ұсынылды, - деді ол комиссия отырысында.

Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу жөнінде қаулы қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама