×

Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған жүкті келіншек табылды

Түркістан облысында жоғалған Назым Алдаш Жамбыл облысында болып шықты

 Халық үні 28.03.2022 | 11:18
фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен әйелді тапты.

Аяғы ауыр жас келіншек із-түзсіз жоғалып, Түркістан облысы полицейлерінің іздестіруінде болғанына бір айдан астам уақыт болды. Міне, бүгін сақшылар сүйінші жаңалық әкелді. Нақтырақ айтсақ, осы жылғы 24 ақпанда Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөліміне Назымның анасы арызданды. Ол үйінде жүрген аяғы ауыр қызының «ауруханаға кеттім» деп сол күйі жоғалып кеткенін жазған, – дейді полиция.

Іздестіру жұмыстарына бірнеше облыс, қала мен ауданның тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң еріктілер де атсалысты. Кейін халықаралық іздеу жарияланды. Нәтижесінде ол түнде Жамбыл облысы Жаңатас қаласынан аман-есен табылды. Полицейлер мәліметінше, әйел азаматтық некедегі жұбайымен бірге жүрген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін БАҚ-та келіншектің анасының «оны жұбайы ұрып-соғады» деген сөздері және осындай суреті тараған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама