×

Түркиядағы зілзала: тың мәліметтер жарияланды

Президент Ердоған мәлімдеме жасады 

 Халық үні 15.02.2023 | 00:58
фото: AP/Bernat Armangue

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты деп мәлімдеді. 

Ол мұндай мәлімдемені министрлер кабинетінің отырысынан кейін жасады.

«Кахраманмараш жер сілкінісінің ауқымы мен жойылуы ерекше табиғи құбылыс болып есептеледі. Мен мерт болған 35 418 азаматтың әрқайсысына шапағат тілеймін. Мен зардап шеккен 105 505 азаматтың сауығып кетуін тілеймін», - деді Түркия президенті.

Еске салайық, Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі 6 ақпанда таңертең болды. Магнитудасы 7,8 балға дейін жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама