Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр
Жетісу облысында жасөспірім екі адамды пышақтаған, деп хабарлады Almaty.tv.
Соның салдарынан 17 және 18 жастағы жергілікті 2 тұрғын бірнеше жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты. Алайда біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Адам шошырлық жағдай осыдан 3 күн бұрын Көксу ауданы Балпық би ауылында болған.
Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК 24 және 99-бабына сәйкес жүргізіледі, – деді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Меруерт Темірханова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлдағы №4 орта мектепте қаруланған 9-сынып оқушысының 3 балаға шабуыл жасағаны туралы мәлімет берілген еді. Содан кейін Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексерілетінін хабарлады.