×

Рыбакина әлемдік рейтингте оныншы орнын сақтап қалды

Ал жұптық сында ол 113-орынға түсіп қалды

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2023 | 13:54
фото: facebook.com

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Mubadala Abu Dhabi Open-2023 халықаралық турнирінің ширек финалында жеңілсе де әлемдік рейтингте 10-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 45-тен 43-орынға көтерілді.

Жұптық сында әлемдік рейтингте Анна Данилина 24-тен 25-орынға, ал Елена Рыбакина 111-ден 113-орынға түсті.

Mubadala Abu Dhabi Open-2023 турнирінің ширек финалында Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездекен еді. Бұл матчта бірінші сетте Рыбакина жеңгенімен, кейінгі екі сетте қарсыласына есе жіберді. Есеп – 6:3, 3:6, 2:6. Осылайша, Хаддад-Майя турнирдің ширек финалына шықты.

Матч 2 сағат 4 минутқа созылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама