×

Украина әскері Угледар түбінде Ресейдің 36 танкісін жойып жіберді

Тұтас батальонның күлі көкке ұшты

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2023 | 11:56
фото: dialog.ua

Украина Қарулы күштері Донецк облысының Угледар елді мекені түбіндегі шайқаста Ресейдің тұтас танк батальонының күлін көкке ұшырды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Украина артиллериясы соңғы 3 күнде Ресей Қарулы күштерінің шабуылын қайтара отырып, оның тұтас танк батальонын, яғни 36 соғыс машинасын отқа орады.

Угледар жақтан жетіп жатқан жаңа ақпараттар барған сайын Ресей армиясының жаппай күйреуге ұшырай бастағанын хабарлап жатыр. Украин армиясының оккупанттар шабуылдарына тойтарыс беру мақсатында жасап жатқан соққылары нәтижесінде Ресей әскері ондаған бронетехникасынан, сондай-ақ көп адамынан айырыла бастаған.

«Информационное сопротивление» тобының үйлестірушісі, әскери сарапшы Александр Коваленко Facebook-тегі парақшасында Oryx компаниясының мәліметтерін жариялай отырып, Ресей армиясының небәрі 3 күннің ішінде Угледар мен Авдеевка түбінде 100-ден аса техникасын жоғалтқанын атап өтті.

Үш күнде жойылған 103 соғыс машинасының 36-сы – танк. Осылайша, Украина Қарулы күштері ресейліктердің тұтас танк батальонын жермен-жексен етіп тастаған, –  деді ол.

Ал Ұлыбритания барлауы ресейліктердің соңғы уақытта орасан зор техникалық шығынға ұшырап жатқандарын айта келіп, мұның бәрі мобилизациямен келген жауынгерлер мен олардың командирлерінің дайындықтары өте төмен екендігінен деген байлам жасады. Оның талдауы бойынша, кейінгі 7 күннің ішінде Ресей армиясы тәулігіне орта есеппен 824 адамынан айырылып қалып жатыр. Бұл – 2022 жылғы маусым-шілде айларындағы көрсеткіштен 4 есе көп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама