×

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 15 адам сотталды

Залал сомасы 6 млрд теңгеден асады

 Дәурен Ерболат 13.02.2023 | 10:10
Фото: otyrar.kz

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Бас прокуратура.

Арнайы прокурорлар қызметі QI Trade Kazakhstan (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.

Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген. Сотталушылар Amazon (АҚШ) платформасында сауда жасаймыз деп сенімгерлік басқару негізінде адамдардан процентке ақша алған. Осылайша пайда таппақ болған. Салымшыларға салым сомасына байланысты бір жылда 96%-ға дейін пайда түседі деп уәде берді. Салдарынан компания 1345 адамға 6 млрд теңгеден асатын залал келдірді, - деп жазылған хабарламада.

Прокуратура қазақстандықтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін дәлелдеді.

Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 сотталушы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды (6 жылдан 7 жылға дейін).

Бас прокуратура қазақстандықтарды сақ болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама