×

Түркияда үйінді астында 150 сағат жатқан 3 жасар қыз құтқарылды (ВИДЕО)

Тұрғындарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда

 Халық үні 12.02.2023 | 21:53
фото: видеодан скриншот

Түркияның Хатай провинциясынан үш жасар қыз 150 сағаттан кейін үйінді астынан шығарылды.

Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Twitter-де хабарлады.

Қазір аймақтағы жер сілкінісінен қираған ғимараттарда тұрғындарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама