×

Түркияда зілзаладан қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Тасымалдау шығынының бәрін мемлекет өз мойнына алды

 Еркеғали Болатұлы 12.02.2023 | 10:17
фото: gov.tr

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі елге жеткізілді. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Қаза тапқан отандастарымыздың денесі 11 ақпан күні кешкісін Антакья қаласынан Алматы қаласына жеткізілді. Тасымалдау шығынының бәрін мемлекет өз мойнына алды, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Хатай провинциясында Қазақстанның 3 азаматы мен олардың түрік досы жоғалып кеткен болатын.

8 ақпанда жоғалғандардың бірі Сабина Мамадьярова ғимарат үйінділерінің астынан аман-есен табылып, ауруханаға жеткізілді.

Ал 9 ақпанда құтқарушылар Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейін Мирболат Құрмашевтің денесі табылғаны хабарланды.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 24 617-ге жеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама