×

Наурызда Германия Украинаға «Leopard 2» танкілерін жібереді

Ал Нидерланд қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен ханым сөзінде тұрай, соғыс машиналарын бере алмайтынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 11.02.2023 | 17:55
фото: warfor.me

Германия канцлері Олаф Шольц наурыздың соңына дейін 80 «Leopard 2» танкіні Украинаға жіберетінін айтты. Бұл туралы «Укринформ» хабарлады.

Канцлер журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, наурыз айының соңына дейін 2 батальон, яғни 80 дана «Leopard 2» танкілерін іс жүзінде Украинаға жіберуге дайын болатынына сенгісі келетінін айтты.

Ақыр соңында солай болатынына үміт артамын, – деді ол.

Германия канцлері сонымен бірге мұның «оңай болмайтынын» да мойындады.

Берлин бұл мәселені өзінің әріптестерімен бірлесіп шешуге тырысады, – деді канцлер.

Нидерланд қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен ханым бұрын берілген сөзінде тұрай алмай, өз елінің Украинаға 18 бірлік «Leopard 2А6» танкілерін бере алмайтынын білдірді.

Ол Парламентте сөйлеген сөзінде осылай деді. «Бұл – соғыстың салдарынан. Алдымен Германияның бұған рұқсаты керек. Тіпті, Германия сол рұқсатты берген күнде де біз танкілерді бере алмас едік», – деді министр.

АҚШ Қорғаныс минимтрлігі Ресей армиясы Украинада өзінің арсеналындағы танктерінің жартысынан айырылып қалған деген тұжырымға келіп отыр. Ал қазірге дейін басқыншылар мұнда 3 267 танкісін, 6 474 бронды соғыс машинасын, 2 270 артиллериялық жүйесін тип-типыл қарап етіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама