×

Ресей армиясы бес бағыт бойынша шабуыл жасап жатыр

Осы кезге дейін РФ әскері өзінің 136 880 жауынгерінен айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 11.02.2023 | 15:40
фото: ашық дереккөз

Ресей әскері кешелі бері Украина территориясына бес жақтан жаппай шабуыл жасауға кірісіп кетті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

Украина армиясы өткен тәулікте 1 140 оккупантты опат қылып, 9 танк пен 19 артиллериялық жүйені талқандады.

Украина Қарулы күштерінің бас штабы жаудың өткен тәулікте бүкіл ел аумағын жаппай атқылау астына алып, 106 ракета жібергенін хабарлады. Зымырандардың бірқатары әдеттегідей азаматтық инфрақұрылымдарға бағытталған. Ресей әскері шабуыл кезінде 32 зениттік басқарылу қондырғысынан С-300 ракеталарын жөнелткен. Бұдан басқа, 74 қанатты ракетамен атқылады. Украин әскерлері олардың 61-ін әуеде жойып жіберді.

Бұған қоса, ресейлік оккупанттар авиациядан 29 соққы жасады. Олардың 28-інде Иранның «Шахед-136» БПЛА дронын қолданды. РФ армиясы сол сияқты 90-нан астам дүркін отты реактивті жүйеден атқылады.

Ресейліктер ұрыс қимылдары барысында адам күші және техника бірлігі жағынан айтарлықтай шығындарға ұшырып жатқанына қарамастан, Купянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка мен Новопавловка бағыттарына шабуылдарын тоқтатар емес.

Өткен тәулікте Украина Қорғаныс күштерінің бөлімшелері Луганск облысындағы Кременная, Шипиловка және Белогоровка, Донецк облысындағы Красная Гора, Бахмут, Ивановское және Парасковеевка елді мекендері ауданында оккупанаттар шабуылдарын қайтарды.

Украина Қарулы күштері 10 ақпанда Мелитопольдегі реселіктер орналасқан бекіністерге HIMARS-тан соққы жасады. Өте дәлдікпен барып түскен снарядтар олардың әскери техникалары мен оқ-дәрілері сақталған қоймалардың күлін көкке ұшырды. Оның қуатты болғаны сондай, жақын маңдағы үйлердің бәрінің терезелері ұшып кеткен.

Осы кезге дейін РФ басқыншы армиясы өзінің 136 880 жауынгерінен өлідей айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама