×

Қызылорда облысында күріш өндірушілерге қатысты тергеу басталды

Олар бағаны түсіру бойынша ескертуді елемеген

 Динара Амантай 10.02.2023 | 13:02
Фото: ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті қайта өңдеуші-өндірушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда күріш бағасының өсуі 2022 жылы 36% болған. Қазір күріш бағасының өсуі жалғасып, жыл басынан бері 5,2% болып отыр.

БҚДА күрішті сатудың тауар нарығына талдау жүргізіп, оның барысында шикізат бағасының ең жоғары өсуі 2022 жылғы мамырда 16%, 2022 жылғы қыркүйекте 19% арзандағанын анықтады. Сонымен қатар, күріш өңдеуші-өндірушілер қойған бағаның өсуі орта есеппен 25% болды.

Нәтижесінде БҚДА Қызылорда облысының өндірушілерімен күріш бағасын бір мезгілде ұстап тұру белгілерін анықтады. Осыған байланысты, БҚДА Қызылорда облысындағы күріш өндірушілерге қатысты келісілген іс-қимылдар бойынша 6 хабарлама және Солтүстік Қазақстан облысындағы күрішті көтерме сатушы үстем жағдайды теріс пайдаланып, тең мәнді келісімдерге әртүрлі бағаларды қолданғаны анықтаған соң, 1 хабарлама шығарды.

Солтүстік Қазақстан облысының күрішті көтерме сатушысы ескертуді елеп, бағаны 5%-ға түсірді.

Өз кезегінде Қызылорда облысында күрішті өңдеуші-өндірушілерге қатысты хабарламаны ескермеу бойынша тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама