×

Ақмола облысында көлік апатынан Қырғызстан азаматы қаза тапты

Жүк көлігі мен автомобиль соқтығысқан

 Дәурен Ерболат 10.02.2023 | 09:45
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында көлік апатынан қырғызстандық азамат көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.

8 ақпанда Жақсы ауданының полиция бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолының 922-шақырымында Маn жүк көлігі мен Daewoo Matiz-дің соқтығысқаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала ақпарат бойынша, Daewoo Matiz жүргізушісі – 64 жастағы Қырғызстан азаматы жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Маn жүк көлігіне соғылған. Қырғызстандық Маn-ді басып озбақ болды. Жүк көлігін Қарағанды облысының 55 жастағы тұрғыны басқарды. Көлік апаты салдарынан Daewoo Matiz-дегі жолаушы – 62 жастағы Қырғызстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.

Жақсы аудандық ауруханасына Daewoo Matiz жүргізушісі жеткізілді. Жеңіл көліктегі 18 жастағы және 4 жасар жолаушылар зардап шекпеген.

Көліктер автотұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Маn жүргізушісінің ішімдік ішпегені, сау болғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама