×

Желіде қирандылар астында 17 сағат бойы інісін қорғап жатқан 7 жасар қыздың видеосы тарады

Ол бауырын өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап, жұбатып жатты

 Халық үні 10.02.2023 | 08:15
Фото: видеодан алынды

Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарады.

Бұл видеоны Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Tribune India жазбасында 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған.

Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап, жұбатып жатқаны көрінеді.

Желіде «Құдай-ау, неткен батыл қыз», «Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!», «Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке» деген пікірлер жазылды.

Бұл балалар кейін үйінді астынан құтқарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама