×

2030 жылғы қысқы Олимпиада Швецияда болуы мүмкін – БАҚ

Ойындарды өткізуге Жапонияның Саппоро мен АҚШ-тың Солт-Лейк Сити қаласы да өтінім беріп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2023 | 14:37
фото: ашық дереккөз

2030 жылғы қысқы Олимпия ойындары Швецияда болуы мүмкін. Бұл үшін Швецияның Олимпиада комитеті сарапшылардың жазға дейін елдің Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін зерттейтінін мәлімдеді.

Швеция Олимпиада комитеті төрағасының міндетін атқарушы Андерс Ларссонның айтуынша, Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу туралы мәселе қарастырылып жатыр. Егер сарапшылар бір келісімге келсе, төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додаларды өткізуге болады.

Біздің елде ірі қысқы жарыстарды ұйымдастырып, өткізу үшін мүмкіндіктің бәрі бар. Спорт ареналары жетеді, –  деді ол.

Швецияның астанасы Стокгольм қаласында қысқы Олимпия ойындары 1912 жылы болған еді. Одан кейін де 2026 жылғы Скандинавия елі Ақ ойындарды өткізу үшін өтінім беріп көрген. Алайда 2026 жылғы Олимпиаданың жалауы Италияда көтерілетін болып шешілді.

2030 жылғы қысқы ойындарды өткізуге әзірге Швециядан басқа Жапонияның Саппоро мен АҚШ-тың Солт-Лейк Сити қаласы да өтінім беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама