×

Түркиядан тікелей эфир: Қазақстан құтқарушылары үш адамды аман алып шықты (ФОТО, ВИДЕО)

Бір отбасы үйіндінің астынан құтқарылды

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2023 | 11:01
фото: AFP 2023 / ADEM ALTAN

Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісінен зардап шекендерді құтқару жұмыстарынан журналист Бақытжан Омар тікелей эфир беріп жатыр.

Оның айтуынша, әзірше Қазақстаннан келген құтқарушылар 3 адамды аман алып шыққан. Үшеуі де бір отбасының адамдары. Зілзаладан ер адам екі баласымен аман қалған. Ал оның зайыбының тағдыры әзірше белгісіз.

Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7,8 балдық жойқын жер сілкінісі болған. Соңғы мәліметке қарағанда, Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алып отыр.

Жер сілкінісі Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Зілзала соңынан жүздеген афтершок қайталанды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясы мен көршілес елдерде сезілді. Соның ішінде Сирияда зілзала Түркиядан кейін қатты болды. Бұл елде кем дегенде 2,5 мыңнан аса адам көз жұмып, 4,6 мың адам жарақат алған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама