×

4 пайыздық автонесие: Қай өңірлердің тұрғындары жаңа автомобильге ие болды

Отандық көлікті 761 қазақстандық алады

 Дәурен Ерболат 08.02.2023 | 16:45
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Жеңілдетілген автонесие бағдарлармасы бойынша қай өңір тұрғындарының көлік алғаны белгілі болды, деп хабарлады «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі.

Биыл 6 ақпанда Autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінім қабылданды. Нәтижесінде платформаға 19-62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелді.

Autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3%. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі – 7,6 млрд теңге. Бүгінде автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль – Hyundai және Chevrolet, - деп жазылған хабарламада.

Отандық көлікке ақы төлеуге берілген шоттар төмендегідей:

  • Астана – 175;
  • Алматы – 79;
  • Қостанай облысы – 44;
  • Жетісу облысы – 43;
  • Шымкент – 41;
  • Қарағанды облысы – 20;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 13;
  • Ақтөбе облысы – 9;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 7;
  • Жамбыл облысы – 6;
  • Атырау облысы – 5;
  • Павлодар облысы – 5;
  • Ақмола облысы – 4;
  • Абай облысы – 4;
  • Маңғыстау облысы – 3;
  • Түркістан облысы – 3;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2;

Қазір бағдарламаға қатысушы банктер («Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ForteBank АҚ) жалпы сомасы 2, 549 млрд теңгеге өтінім қабылдап, мақұлдаған.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін жалпы сомасы 281,5 млрд теңгеге 45 325 автомобиль берілген.

Автокредитке келесі өтінім наурызда ашылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама