×

Көлігін заңдастырмақ болған маңғыстаулық 8 млн-ға жуық теңгесінен айырылды

Полиция қызметкерлері Бейнеу ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады

 Динара Амантай 08.02.2023 | 14:10
Фото: standard.kz

Алаяқтар көлігін зандастырмақ болған Маңғыстау тұрғынын 7,8 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мұнайлы ауданының тұрғыны «көлік құжаттарын Грузия елінің есебінен шығарып, ҚР есебіне тіркеп, рәсімдеймін» деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған алаяқтың құрығына түсіп қалды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 7,8 млн теңгені құрайды.

 Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Бейнеу ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

 Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама