Түркияда тағы да жер сілкінісі болды: соңғы мәліметтер жарияланды

Халық үні

Бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда тағы да 4 балдық жер сілкінісі болды

Фото: aa.com.tr

Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) апат аймағындағы соңғы мәліметтерді жариялады.

Сонымен қатар бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03.22-де Түркияда тағы да 4 балдық жер сілкінісі болды.

Еске салсақ, кеше Түркияда тағы 5,3 балдық жер сілкінісі болған.

Кеше Түркияға жеткен қазақстандық құтқарушылар Ибрахимили ауданындағы үйінді орнынан видео жариялады