×

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Ибрахимили ауданындағы үйінді орнынан видео жариялады

Жедел ақпарат бойынша құтқарушылар үйінді астынан қайтыс болған адамның денесін шығарды

 Халық үні 07.02.2023 | 22:25
Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

Ведомствоның мәліметінше, құтқару жасағы екі топқа бөлінді, олардың әрқайсысы қиын учаскелер - қираған тұрғын объектілерді тексеруде.
Біріншісі - бұл алты қабатты үй, оның толық қирау қаупі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адамдар үйде қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта құтқарушылар кинологиялық есеп бойынша іздеу жұмыстарына кірісті. Егер адам табылса, иттер тиісті белгі беріп, оларды үйінді арасынан шығарып алу жұмыстары басталады. Екіншісі - бұл толығымен қираған тұрғын үй, онда адамдар да болуы мүмкін.

«Жедел ақпарат бойынша құтқарушылар үйінді астынан қайтыс болған адамның денесін шығарды. Мұнда құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, іздеу жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін үйінді астына түседі», - делінген хабарламада.

Екі объектіде де құтқарушылар адамдардың болу фактілері толық жойылғанға дейін жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02