×

Шымкент қаласының білім басқармасынан тағы бір лауазымды тұлға пара алғаны үшін ұсталды

Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындады

 Халық үні 06.02.2023 | 22:43
Фото: ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Шымкент қаласының білім басқармасынан тағы бір лауазымды тұлға пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қалалық білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасы әшкереленді», - деп жазды Дәурен Ерғарин.

Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындады.Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама