×

Еуропа одағы Ресей мұнайына кезекті мәрте соққы берді

Шектеу 5 ақпаннан бастап күшіне енді

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2023 | 12:00
фото: ашық дереккөз

Еуропа одағының Ресей мұнайына қойған шектеуі 5 ақпаннан бастап күшіне еніп, осы елдің экономикасын тұралатудың тағы бір тетігі іске қосылды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Еуропа одағы Ресейден шыққан шикі мұнай бағасының шарықтау шегі барреліне 60 доллар деңгейінде болып белгіленгеннен кейін РФ мұнай өнімдерінің бағасына шекті құн қойылғанын жарияланды.

Ресей бензині мен дизельді отынына шекті баға барреліне 100 доллар болып бекітілсе, дисконтпен сатылған өнімдер деңгейі барреліне 45 доллар шамасына тұрақталды.

Бұдан басқа, одақтастардың наурыздың ортасында Ресейдің шикі мұнайының бағасын шектеу тетігін қайта қарайтындары да атап өтілген.

Былтырғы жылдың желтоқсан айының басында Ресей мұнайына эмбарго мен бағаның жоғарғы шегі енгізілгеннен кейін РФ-да мұнайдан түсетін табыс күрт құлдырап түсіп кетті. Соның кесірінен Ресейде федералды бюджеттің тапшылығы шарықтап өсті. Бүгінгі қалыптасып отырған жағдайға қарай нарықтағы «тесік» 5 трлн рубльден де жоғары кетіп қалуы мүмкін болып тұр.

Биылғы қаңтардағы Ресейдің басты экспорт маркасы – Urals орта есеппен жылдық өлшемнен 42 пайызға арзандап, баррелінің орташа бағасы 49,48 доллар болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама