×

Ақмола облысында әкесі мен баласы көз жұмды: кінәлі адам 5 жылға сотталды

Ол өмір бойына көлік жүргізу құқынан айырылып, бес жылға сотталды

 Халық үні 06.02.2023 | 06:50
ашық дереккөзден

Ақмола облысында әкелі-балалы екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына кінәлі мас жүргізуші 5 жылға сотталды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2022 жылдың 23 тамызында сағат 22:00 шамасында «Екатеринбор-Алматы» тасжолында болған.

«Анықталғандай, Қараменді батыр ауылы жағынан Целиноград ауданы Тасты ауылы бағытында жүріп бара жатқан «Audi A6» автокөлігінің жүргізушісі масаң күйде жылдамдыққа қатысты жол қозғалысы ережесінің бірнеше тармағын бұзған. Соның салдарынан оның көлігі алда кетіп бара жатқан «Mazda 626» көлігімен соқтығысты. Артынша, «Mazda 626» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тіркемесі бар «Mersedes Benz» жүк көлігіне бетпе-бет соғылды. Қатты соққыдан жеңіл көлік екіге бөлініп, кейіннен өртке оранды. Оқиға орнында «Mazda 626» автокөлігінің жүргізушісі тілге келмей көз жұмды, ал оның жанында отырған 17 жастағы ұлы ауруханада қайтыс болды», - деді ведомстводан.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы бойынша «көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) тосикоманикалық масаң күйде басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережесін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Сотталушы жол апатындағы кінәсін толық мойындады. Айтуынша, әйелі екеуі арасында болған жанжалдан кейін арақ ішіп, рульге отырған. Жол-көлік оқиғасы кезіндегі сәті есінде жоқ, тек болған оқиғаға толық өкінеді», - деп толықтырды ведомстводан.

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының үкімімен «Audi A6» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына көлік жүргізу құқынан айырылып, бес жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02