×

Украин жауынгерінің бассүйегін сахнаға алып шыққан офицер оққа ұшты

Ол – Ресейдің Украинаға басып кіру символдарының біріне айналған «Z» белгісінің авторы

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2023 | 17:24
фото: ашық дереккөз

Украинаның Луганск облысында саяси технолог, Ресей армиясының офицері Игорь Мангушевтің басына оқ тиіп, ауыр жараланды.

Мангушевтің Telegram-арнасы хабарлағандай, Ресей офицері ауыр жараланған. Бұл ретте ол Стаханов қаласының нейрохирургия бөліміне жеткізілген көрінеді.

Айта кетсек, Игорь Мангушев – Ресейдің «Светлая Русь» қозғалысының жетекшісі. «Медуза» басылымының мәліметінше, ол – Ресейдің Украинаға басып кіру символдарының біріне айналған «Z» белгісінің авторы.

Бұған дейін Мангушев адамның бассүйегін сахнаға алып шығып, оның украин жауынгеріне тиесілі екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02