×

Пәкістанның экс-президенті Дубайдағы ауруханада қайтыс болды

Ол 2007 жылы мемлекетке опасыздық жасаған

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2023 | 15:19
фото: naslovi.net

Бүгін 2001-2008 жылдары Пәкістанның президенті болған Первез Мушарраф ұзаққа созылған ауру салдарынан Дубайдағы ауруханада көз жұмды.

РИА Новостидің хабарлауынша, 79 жастағы Мушарраф ауруханада амилоидоздың асқынуы, яғни ағзадағы зат алмасуы бұзылатын сырқатына байланысты жатқан.

Еске сала кетсек, экс-президентке 2014 жылдың наурызында ресми айып тағылған болатын. Айыптаушы тараптың мәліметінше, ол 2007 жылы төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы сот судьяларын қамауға алу туралы бұйрық берген кезде мемлекетке опасыздық жасаған. Ал Пәкістан заңы бойынша мемлекетке опасыздық жасағандар өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

2016 жылдың наурызында сот Мушаррафқа емделуге шетелге шығуға рұқсат берді. Сол кезде экс-президент Пәкістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама