×

Алматыда екі ірі мейрамхананың аспаздары ұсталды: сот үкімі шықты

Екеуіне де 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

 Халық үні 04.02.2023 | 06:34
Фото: polisia.kz

Алматыда екі ірі мейрамхананың аспаздары есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың мамыр айында қоғамдық тамақтандыру орындарында жұмыс істеп жүріп, қылмыстық әрекетке барған есірткі сатушылардың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

«Гашиш есірткі затын жедел сатып алғаннан кейін, элиталық мейрамханалардың бірінің 1973 жылы туған М. есімді аспазшысы жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде екі сіріңке қорапшасына және дөңгелек бумаға салынған гашиш есірткі заты табылды. Тағы бір жағдайда аспаз әйел есірткі сатушы болып жұмыс істеген. 1980 жылы туған Д. есімді азаматшаның тұрғылықты жері Алматы облысы Қарасай ауданынан ұнтақты заты бар бума табылды», – деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Әуезов және Алмалы аудандары соттарының үкімдерімен есірткі саудасымен айналысқан М. есімді және Д. есімді азаматша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу), 297-бабы 1-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтей отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02