×

Таразда күйеуін өлтіргені үшін 8 жылға сотталған әйел ақталып шықты

43 жастағы үш баланың анасы «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен сегіз жылға түрмеге жабылған

 Халық үні 03.02.2023 | 21:48
Фото: ortalyq.kz

Таразда күйеуін өлтіріп, сегіз жылға сотталған әйел ақталып шықты. Ол жолдасынан өзін қорғаймын деп оны өлтіріп алғаны дәлелденген, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Екі ай бұрын 43 жастағы үш баланың анасы «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен сегіз жылға түрмеге жабылған. Сотталушы қайта апелляциялық шағым түсірген. Басқа баппен істі қайта саралаған сот алқасы айыпталушының қорғану кезінде абайсызда жолдасын жазым қылғанын анықтаған.

Сөйтіп оған бір жыл жаза тағайындаған. Тергеу қапасында алты  ай отырған әйелдің бір күні екі күнге есептеліп, ол бостандыққа шығып отыр. Қайғылы жағдай алты ай бұрын болған.

Үш баланың анасы отбасында жанжал кезінде азаматтық некедегі күйеуіне пышақ сұғып алған. Бүйрек тұсынан жарақат алған 47 жастағы азамат ауруханаға жетіп көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама