×

Украин әскерлері 14 елді мекен жанында шабуылдың бетін қайтарды

Ресей белсенді түрде барлауға шығып, жекелеген бағыттардағы ұрысқа дайындалып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2023 | 17:51
фото: ашық дереккөз

Украина Қорғаныс күштері Ресей әскерінің 14 елді мекені жанындағы шабуылдарына тойтарыс беріп, жолдарына тосқауыл қойды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қарулы күштерінің бас штабы Facebook-те осы жайтты тарқатып жазды.

Өткен тәулікте дұшпан күштері ракетадан 6 рет атқылады. Олардың төртеуі Донецк облысындағы Славянск, Краматорск және Дружковка елді мекендерінің азаматтық инфрақұрылымдарына бағытталды. Сондай-ақ 4 мәрте әуеден соққы берілді. Жау дүркін отты реактивті жүйеден 73 снаряд жіберді. Соққылар салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты, – делінген хабарламада.

Ресей авиациялық және ракета соққыларының қатері әлі бүкіл Украинаға төніп тұр. РФ әскері қазір белсенді түрде барлауға шығып, жекелеген бағыттарда шабуылға дайындалып жатыр.

Басқыншылар көп көлемде адам шығынына ұшырап жатқанына қарамастан, Лиман, Бахмут, Авдеевка және Новопавловск бағыттарында шабуылға шығуға әрекет жасауын тоқтатар емес.

Украина әскерлері өткен тәулікте Луганск облысының Новоселовское, Площанка, Невское, Червонопоповка, Диброва, Кузьмино және Белогоровка, Донецк облысының Спирное, Белогоровка, Васюковка, Благодатное, Красная Гора, Бахмут және Клещеевка елді мекендері жанында оккупанттардың шабуылдарына тойтарыс берді.

Ал Ресейдің басқыншы армиясы 1 ақпанда кешке Краматорск қаласының тұрғын үй секторына ракетадан жоспарлы түрде соққы жасады. Одан 3 адам қаза тауып, 21 адам зардап шекті. Соққылау салдарынан 8 көпқабатты үй бүлінген. Біреуі толық күйреді. Қирандылар астында адамдар болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама