Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

Дәурен Ерболат

Алдымен арнайы комиссия құрылып, шығын есептеледі

Фото: kazpravda.kz

ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тұрғындардың үйлері құлап, шығын келсе, компенсация ретінде бюджеттен өтемақы төленеді. Алдымен жергілікті бюджеттен бөлінеді. Онда резервтен қаржы қарастырылған. Егер жергілікті бюджеттегі қаржы жетпей жатса, онда республикалық бюджеттен бөлінеді, - деді министрің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алдымен арнайы комиссия құрылады, шығын есептеледі.

Сондай-ақ Ибрагим Күлшімбаев бүгінде тек Арыс қаласында бір тұрғын үйдің су астында қалғанын атап өтті. Ол өзеннің жағасында орналасқан.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 20 елді мекенді су басқаны хабарланған еді. Сонымен қатар, оңтүстікте жүргізушілер сақ болуға тиіс.