×

Оңтүстікте жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс

Жолдарда көктайғақ және тасқын қаупі сақталады

 Дәурен Ерболат 03.02.2023 | 13:33
Фото: inbusiness.kz

Оңтүстік өңірлерде жүргізушілер жолда сақ болғаны жөн, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компанияcы.

Республикалық маңызы бар автожолдарда көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр.

Өткен екі тәулікте Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қар аралас жаңбып жауып, температураның күрт ауытқуы байқалды. Осылайша, өткен түнде жол бойында төтенше жағдайды болдырмау үшін Алматы және Жетісу облыстарындағы республикалық тасжолдардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу үшін 1070 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды, - деп жазылған хабарламада.

Жол бөлігін құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Әрбір учаскеге жол-пайдалану техникасы бөлінді. Жолдардың жүру бөлігі директивті нормаларға сәйкес тазартылып, өңделіп жатыр.

Сондай-ақ Түркістан облысында жұмысшылар Шымкент қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі «Самара-Шымкент» учаскесін су басып, шайылып кетпеуі үшін жедел шаралар қабылдады.

Инертті материалдары бар 1200-ден аса қап төселді, су бұру жұмыстары жүргізілді, - деп жазылған хабарламада.

Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 477 арнайы техника мен мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында су тасқынының жүріп жатқаны хабарланған еді. Бүгінде 20 елді мекенді су басқан

Серіктес жаңалықтары

Сараптама