×

Су тасқыны: Түркістан облысында жағдай ушыға түсуі мүмкін

Қар қарқынды еріп, су деңгейі көтеріледі

 Дәурен Ерболат 03.02.2023 | 09:02
Фото: ТЖМ

Бүгін Түркістан облысында жауын жауып, өзендерде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

3 ақпанда Түркістан облысының көп бөлігінде жауын-шашын жауады, ауа температурасы жоғарылап, қар қарқынды ериді. Еріген қар суынан ағын пайда болады, мұз әлсіреп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар өңірде түні бойы су сору және инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмысын жалғастырды.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында су тасқыны басталған еді. Бұл жағдайға Төтенше жағдай министрлігі түсінік берген.

Сондай-ақ су басу қаупі бар жолдар бақылауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама