×

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

Осылайша отандастарымыз екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды

 Дастан Жұмабекұлы 02.02.2023 | 10:01
фото: ашық дереккөз

Румынияда шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен әлем чемпионатының В тобындағы екінші дивизионда бірінші орынды жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы өз тобында Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония және Исландия командасымен сынға түсіп, қарсыластарының бәрін ұтты. Құрама команда топтағы алғашқы матчта Болгарияны 8:1, одан кейін Жаңа Зеландияны 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0, Исландияны 7:0 есебімен ойсырата жеңді. Қазақстан құрамасы соңғы ойында Исландиямен бірінші орын үшін күш сынасты.

Қорытынды ойын кестесінде Қазақстан хоккейшілері 15 ұпаймен 1-орын алды. Одан кейінгі орындардағы Бельгия – 11, Исландия – 9, Жаңа Зеландия – 6, Болгария 4 ұпай алған болса, Эстония ұпай жинаған жоқ.

Осылайша отандастарымыз екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама