×

Қостанай қаласының әкімі ауысты

Қайрат Ахметов өз қалауы бойынша қызметінен босатылды

 Халық үні 24.03.2022 | 11:17
көрнекі фото: fotokto.ru

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды.

Марат Жүндібаев 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған.

Марат Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар.

Қостанай қаласының әкімі лауазымын атқарған Қайрат Ахметов өзі берген өтінішіне сәйкес бойынша қызметінен босатылды.

Облыс басшысы Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама