×

Қазақстандықтардың 25%-ы азаматтық некені қолдайды – зерттеу

Ерлер бала тәрбиесіне аз уақыт бөледі

 Дәурен Ерболат 01.02.2023 | 17:10
Фото: depositphotos.com

Астанада «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, отбасын қолдау орталықтарының қызметі бойынша респонденттердің 70%-дан астамы олардың қызметтерін пайдаланбағаны, 19,3%-ы бұл орталықтардың бары туралы алғаш рет білгені, сұраққа жауап бергендердің тек 7,1%-ы көмекке жүгінгені анықталды, - деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Зерттеу барысында Ақтөбе облысы мен Алматы қаласы тұрғындарының аталмыш орталықтардың қызметінен бейхабар екені белгілі болды.

Орта есеппен барлық жастағы қазақстандықтардың шамамен 25%-ы азаматтық некеге оң көзқарас танытты, ал 30%-дан астамы оған бейтарап ұстаныммен қарайды. Азаматтық некені респонденттердің 32,8%-ы қолдамайды, - деді басқарма төрағасы.

Ұлттық баяндамада балалармен бірге үнемі уақыт өткізу көрсеткіші әйелдерде – 44,5%, ерлерде – 25,6% деп жазылған.

Бала тууды жоспарлау бойынша сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5%-ы бала тууды жоспарлау керек деп санаса, 15,2%-ы жоқ деп жауап берді. 11,3%-ы бұл сұраққа жауап бере алмады, – деді Нұрбек Матжани.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың 54,1%-ы әкенің отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуі маңызды екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама