×

Каспийдің жағасында алапат өрт шықты

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

 Динара Амантай 01.02.2023 | 10:00
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысында Каспий жағасында 4 жерден өрт шыққан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 31 қаңтарда Атырау қаласының аумағында түтіннің иісі шығуына байланысты өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуе барлауын жүргізу үшін ТЖМ авиациясы – МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері аэровизуалды тексеру бойынша жұмыс жүргізді.

Каспий теңізінің жағалауында аэровизуалды тексеру нәтижелері бойынша 4 ошақ анықталды: 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 шақырым жерде, алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 9 гектар алаңда және 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 гектардан аса алаңда болды.

Қазір жергілікті жерде кірме жолдардың болуын барлау жүргізіліп жатыр. Түнгі уақытқа байланысты өртті сөндіру 1 ақпанға жоспарланған. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Жергілікті жердің батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасының жану ошақтарына баруы қиынға соғып отыр. Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіруге дереу жіберілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама