×

Антикор кәсіпкерлерді қорғауды көздейтін жобаны іске қосты

Сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады

 Дәурен Ерболат 01.02.2023 | 09:05
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстанда «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды, деп хабарлады Антикор.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлердің жерді ресімдеуі, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алуы, коммуникациялар қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (несиелер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысамыз, - деп жазылған хабарламада.

Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар жұмыс істеп жатыр. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook-те хабарлама қабылдайды.

Сондай-ақ Антикордың call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама