×

Семейде жоғалған 15 жастағы қыз көшеден табылды

Полицияға кездесіп қалған адамның бірі бойжеткенге ұқсас адамның шамамен қайда жүргенін айтқан

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2023 | 09:00
фото: ашық дереккөз

Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы қызды бір күнде тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Кеше Семейдің 34 жастағы тұрғыны полицияға 15 жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Қыз сол күні үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Осы хабарды алысымен облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері қызды іздеуге кірісіп, оны көшеден тапты.

Бойжеткенді іздеуге 150-ден аса полиция қызметкері мен еріктілер атсалысты. Іздестіру кезінде жергілікті тәртіп сақшылары мен еріктілер қыздың баруы мүмкін барлық жерлерді қарап шықты. Осының нәтижесінде көшеде полицияға жолығып қалған адамның бірі жоғалған қызға ұқсас адамның шамамен қайда жүргенін айтқан. Соның көмегімен полиция қызметкері қызды көшеден тапты.

Қазір бойжеткен ата-анасының жанында, полиция онымен ашық әңгімелесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама