×

Атырауда жоғалып кеткен бала табылды

Ол адасып кеткен

 Дәурен Ерболат 30.01.2023 | 13:10
Фото: polisia.kz

Атырауда ұландықтар жоғалып кеткен баланы іздеп тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы №5546 бөлімінің әскери қызметшілері қалада жоғалған баланы тауып, ата-анасына қайтарды.

28 қаңтарда кешкі сағат 19:30 шамасында ұландықтардан Атырау қаласының В. атты тұрғыны көмек сұрады. Ол 7 жасар баласының үйге келмегенін, сыртқа қандай киім киіп шыққанын айтып берген. Осыдан кейін ұландықтар баланы дереу іздеуге кірісті.

Кешкі сағат 19:50 шамасында «Жеңіс» саябағының маңында әскери жасақ басшысы Дінмұхаммед Жақсылық, қатардағы жауынгерлер Қуандық Жансерік пен Данияр Боранбай баланы тапқан. 7 жасар ұл адасып кеткенін айтқан. Ұландықтар баланың әкесіне ұлының табылғанын айтып, хабар берді, – деп жазылған хабарламада.

Ана-атанасы оларға алғысын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама