×

Елбасы бейнеленген 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнот айналымға шығады – Ұлттық банк

Бонкнот Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған

 Халық үні 01.12.2021 | 12:09
фотосурет: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады.

Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды. Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған: бет жағы негізінен тік бейнелерді, сыртқы жағы көлденең бейнелерді қамтиды. Банкнот басым түс – сұр түсте орындалған. Банкнот көлемі - 155х79мм.

БАНКНОТТЫҢ БЕТ ЖАҒЫ

Бет жағындағы негізгі бейнелер – ҚР Мемлекеттік рәміздері, Елбасы Н.Ә. Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі «Киіз үйді» безендіру желісі бойынша «Басқұр» – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті.

БАНКНОТТЫҢ СЫРТҚЫ ЖАҒЫ

Сыртқы бетіндегі негізгі бейнелер – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласының және Ақорда Президент резиденциясының панорамалық көрінісі, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекеуге арналған логотип бейнесі.

Номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнот ҚР бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша нақты құны бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банктерінде банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға міндетті.

Елбасының портреті бар номиналы 10 000 теңгелік алғашқы мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылғанын және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған болатын. Қазіргі кезде Қазақстанда номиналы 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар айналыста қолданылып жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама