×

Украина Қарулы күштері ресейлік 800 сарбазды жойып жіберді

Бахмут, Соледар және Вугледар (Угледар) елді мекендері үшін әлі кескілескен ұрыс қимылдары болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 29.01.2023 | 11:41
фото: ашық дереккөз

Украина әскерлері кеше ресейлік 800 басқыншыны жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қарулы күштері Бас штабының хабарлауынша, былтырғы 24 ақпан мен биылғы 28 қаңтар аралығында жаудың жеке құрамынан шамамен жалпы 125 510 әскери қызметкер оққа ұшқан. Бұдан басқа, 3 189 танкісі, 6 344 бронды соғыс машинасы, 2 188 артиллериясы, 1 947 дроны, 5 027 автомобилі мен автоцистернасы, 293 ұшағы, 284 тікұшағы, 221 әуе қорғаныс жүйесі, 453 РЗСО-сы, 796 қанатты ракетасы, 199 арнайы техникасы жойылған.

Қорғаныс күштері бір тәулікте Ресей әскерінің 13 аудандағы шабуылдарын қайтарып, екі позициядағы сарбаздарын жойып жіберген.

Ресей оккупанттары өткен тәулікте ракетадан 10 соққы берді. Олардың бірі Запорожьенің азаматтық инфрақұрылымына тиді. Сондай-ақ авиациядан 26 соққы жасап, дүркін отты реактивті жүйеден 81 соққы берді. Соның ішінде Очаков қаласында азаматтық нысандарды да атқылады, – делінген хабарламада.

Қазір Донецк облысының Бахмут, Соледар және Вугледар (Угледар) елді мекендері үшін әлі кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатыр.

Кеше Ресей армиясы Бахмуттың оңтүстік-батысындағы орманды алқапқа келіп орналасты. Оларды байқап қалған Украина әскерлері ресейліктерге қарай бірнеше снаряд жөнелтіп, мәселені бірден шешіп тастады. Осы жерде оккупанттар позициясы түгел талқандалып, 1 гектарға жуық алап оқтың астында қалды. Бұдан кейін бірнеше дрон ұшып келіп, қалған әскерилерді жаусатып салған.

Украина әскерилері Угледардың түбінде Ресей армиясы теңіз жаяу әскерлерінің 72-бригадасы жауынгерлерін артиллериямен атқылап, қырып тастады. 27 қаңтар күні орыстың теңіз жауынгерлерінің соққы астында қалғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама